Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелді.
· Мәтін
· Ресми жарияланым
· Ақпарат
· Өзгерістер тарихы
· Сілтемелер
· Көшіру
· Басқа
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің 23.12.2015 № 998 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
еткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 20 ақпан
|
Қазақстан
Республикасы |
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.02.2018 № 43(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiк тәртiбін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
07.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (бұдан әрі – МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүргізеді.
Ауру мен мүгедектiктiң деңгейiне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
07.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, күрделі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
2) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі;
3) "Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы) – денсаулық сақтау жүйесіндегі профпатологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық болып табылатын және еңбек гигиенасы, медициналық экология және кәсіптік патология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін және кәсіптік аурулар мен уланулар (кәсіппен аурудың байланысын анықтау) диагнозын белгілеу кезінде сараптау, кәсіптік патология саласында мамандандырылған көмекті, кәсіптік патология саласындағы мамандарды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
4) еңбек ету қабiлетiнен айырылу – қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айырылуы, оның дәрежесi айырылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынаста көрсетіледі;
5) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;
6) кәсіп – арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі;
7) кәсіптік ауру – қызметкердiң өзінің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;
8) кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;
9) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;
10) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу;
11) куәландырылатын адам – оған қатысты МӘС жүргізілетін адам;
12) МӘС – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;
13) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС мәселелері бойынша әдіснаманы және бақылауды жүзеге асыратын бөлімі;
14) МӘС бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС жүргізу жөніндегі бөлімі;
15) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойғы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;
16) мультидисциплинарлық команда – медициналық оңалту бойынша дайындығы бар және медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде денсаулық сақтау ұйымының басышысы құратын үйлестіруші дәрігердің басшылығымен кешенді оңалту көрсететін әртүрлі мамандар тобы;
17) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
18) мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
19) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
20) мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі;
21) мүгедектерді әлеуметтік қорғау – мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені;
22) мүгедектерді оңалту – организм функцияларының тұрақты бұзылып денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешені;
23) оңалту әлеуеті – мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
24) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі және мүгедекті қоғамға кіріктірудің болжамды деңгейі;
25) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы;
26) организм функциялары – организм жүйелерінің физиологиялық (психикалықты қоса алғандағы) функциялары;
27) организм функцияларының бұзылуы – организмнің қызметінде немесе құрылымында туындайтын, олардың нормадан едәуір ауытқуы ретінде қаралатын проблемалар;
28) өндірістік жарақат – өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, еңбек ету қабілетінен айырылуына әкеп соққан, қызметкер денсаулығының зақымдануы;
29) тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
23.12.2015 № 998 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.02.2018 № 43 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрықтарымен.
2-тарау. МӘС жүргізу үшін негіздер
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.02.2018 № 43(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:
1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру);
3) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
5. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар жағдайларында медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
07.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.
7. Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмекті ДКК қорытындысының, медициналық құжаттардың, оның ішінде науқастың консультацияға жолдамасы бар амбулаторлық медициналық картасы негізінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді. МӘС бөлімінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы амбулаторлық науқастың медициналық картасына енгізіледі.
Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
3-тарау. Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.02.2018 № 43(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:
1) тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;
2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;
3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;
4) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының орналасқан жері бойынша;
5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.